Седрик Белфрадж Кеңес үкіметінің барлау қызметіне жұмыс жасағанын ашып отыр. Бірақ ол сол үшін ешқандай жауапкершілікке тартылмаған, деп жазады «ВВС» агенттігі.
Британия барлау қызметі бұл жағдайды біле тұрса да, үкімет беделіне нұқсан келтіруі мүмкін деген себеппен жағдайға қарсы әрекет етпеген. Ал, құпиясы ашылған құжаттарда «МИ-5» Белфрадж келтірген зиянның қаншалықты екенін толық сезінбегенін айтады.
Тарихшылардың пікірінше, Седрик Белфрадж КСРО арнайы қызметі үшін «Кембридж бестігінен» де (1930-50 жылдары Кеңес Одағының пайдасына тыңшы болған британдық истэблишмент мүшелері) бағалы агент болған.