Бритни Спирстің әндері қарақшыларды үркітудің құралына айналды - kaz.caravan.kz
  • $ 477.11
  • 545.58
+28 °C
Алматы
2026 Жыл
14 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Бритни Спирстің әндері қарақшыларды үркітудің құралына айналды

Бритни Спирстің әндері қарақшыларды үркітудің құралына айналды

Ұлыбританияның Әскери-теңіз флоты Бритни Спирстің әндерін сомалилік пираттарды үркітуге пайдаланады.

  • 31 Қазан 2013
  • 483
Фото - Caravan.kz


Бұл туралы The Mirror басылымы хабарлады деп жазады Newsru.com порталы.
Ағылшын әскерилерінің құпиясын сауда флотының 34 жастағы офицері Рэйчел Оуэнс жария етті. Оның айтуынша, Африканың шығыс жағалауында қарақ­шыларды үркіту үшін америкалық әншінің атақты «Baby One More Time» және «Oops! I Did It Again» хиттері қолданылып жүр.

«Тәжірибе бұл әдістің пираттарды саба­сына түсіруде өте тиімді екенін көрсетіп отыр. Батыс музыкасына деген жеккөрініш оларды жағалаудан аулақ кетуге мәжбүрлейді», — дейді Оуэнс. Ағылшын және американ күш құрылымдарын­да музыканы бүлікшілерді басуға қолдану тәжірибесі бары арагідік айтылып қалады. Ал бес жыл бұрын Гуантанамо тұтқындары түрме қызметкерлерінің өздерін рок-музыканы тыңдатып қойып, азаптағанын айтқан еді, деп жазады «Алаш айнасы» басылымы.