Б.Рысқалиевтің тобы Атырауда екі көпірге бөлінген 3,5 млрд.теңгені ұрлаған - kaz.caravan.kz
  • $ 472.03
  • 540.29
+24 °C
Алматы
2026 Жыл
5 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Б.Рысқалиевтің тобы Атырауда екі көпірге бөлінген 3,5 млрд.теңгені ұрлаған

Б.Рысқалиевтің тобы Атырауда екі көпірге бөлінген 3,5 млрд.теңгені ұрлаған

Атырауда бұрынғы әкім Б.Рысқалиевтің ҰҚТ-ның мүшелеріне қатысты сот отырысында аймақта салынған екі көпірден 3,5 млрд.теңгеден астам қаржы ұрланғаны белгілі болды.

  • 8 Сәуiр 2014
  • 253
Фото - Caravan.kz

«Атырауда «Кұрылыс Қызмет-S» ЖШС-мен Жайық өзені арқылы өтетін көпірдің құрылысы кезінде 28.11.2007  мен  06.10.2009 жылдар аралығында бас мердігердің есепшотына 11 736 500 000 теңге көлемінде бюджет қаржысы аударылған», — деді мемлекеттік айыптаушы.

Тергеу кезінде қаржы полицейлері көпірлердің құны одан айтарлықтай арзан болғанын анықтаған.

«Қылмыстық топтың ұйымдастырушысы Б.С.Рысқалиевпен көпсатылы алдамшы келісім жасау арқылы бюджет қаржысын ұрлаудың қылмыстық жоспары жасалған. Алдын-ала тергеу кезінде аудиторлық тексеріс тағайындалып, нәтижесінде 3  млрд. 576 млн. 993 мың. 473 теңге көлеміндегі бюджет қаржысының бір бөлігі бірқатар кәсіпорындардың есепшотына аударылып,  «Фортис Финанс», «Жайна Курылыс», «СМС Актобе», «ARLAN COMPANY ATYRAU» ЖШС-тері сынды жалған кәсіпорындардың есепшотынан алынғаны белгілі болды», — деді бұрынғы әкімнің ұйымдасқын қылмыстық тобына қатысты аталған бөлімнің тергеуінің нәтижесін жариялаған мемлекеттік айыптаушы.

Бұған қоса, сотта көпірлердің құрылысын жүргізу кезіндегі басқа да заңбұзушылықтардың орын алғаны белгілі болды. Атап айтқанда, жобаларға дер кезінде мемлекеттік сараптама жүргізілмеген және жобалық-сметалық құжаттар да болмаған.


Еске сала кетсек, құрылыс-монтаждау жұмыстары кезінде Жайық өзеніне көпірдің орталық аралықтарының бірі құлап кетіп, нәтижесінде 8 адам қаза тапқан болатын.