Брюссельде "Лиссабоннан Владивостокқа дейінгі электр энергиясының рыногі" деген тақырыпта конференция өтеді - kaz.caravan.kz
  • $ 474.83
  • 515.38
+27 °C
Алматы
2024 Жыл
27 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Брюссельде "Лиссабоннан Владивостокқа дейінгі электр энергиясының рыногі" деген тақырыпта конференция өтеді

Брюссельде "Лиссабоннан Владивостокқа дейінгі электр энергиясының рыногі" деген тақырыпта конференция өтеді

Бүгін, 13-қарашада Брюссель қаласында Электр энергетикасы өнеркәсібінің Еуропалық Одағы-ЕВРЭЛЕКТРИК, электр энергиясын жалғастыруды үйлестіру жөніндегі Еуропалық Одақ UCTE мен ТМД елдері электр энергетикалық кеңесінің ұйымдастыруымен "Лиссабоннан Владивостокқа дейінгі электр энергиясының рыногі" деген тақырыпта конференция өтеді. Бұл туралы KZ-today тілшісіне РАО "ЕЭС России" компаниясының баспасөз қызметінен хабарлады. .

  • 13 Қараша 2003
  • 580
Фото - Caravan.kz

Конференцияға РАО «ЕЭС России» компаниясы басқармаларының төрағасы Анатолий Чубайс бастаған өкілдер барды.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, энергетика мамандары «ТМД және Балтық жағалауы елдерінің энергетикалық жүйесін Еуропалық энергиялық бірлестікпен біріктіру» жөніндегі жобаны жүзеге асыруға бағытталған нақты қадамдарды талқылайды.
ТМД және Балтық жағалауы елдерінің энергетикалық жүйесін Еуропалық энергиялық бірлестікпен біріктіру жобасын жүзеге асыру жұмысы 2002-жылдың наурыз айында басталды. Сол кезде Электр энергетикасы өнеркәсібінің Еуропалық Одағы-ЕВРЭЛЕКТРИК пен ТМД елдері электр энергетикалық кеңесінің өкілдері Варшава қаласында энергетикалық жүйелерді біріктіру мүмкіндіктерін бірлесіп зерттей бастау туралы хаттамаға қол қойды. Соңынан ЕВРЭЛЕКТРИК пен ТМД елдері электр энергетикалық кеңесі қоршаған ортаны қорғау саласындағы саясат пен заңнамаларға талдау жүргізу және ТМД және Еуропалық Қоғамдастық елдерінде электр қуаты рыногін қалыптастыру мәселелерін зерттеу жөніндегі біріккен екі жұмыс тобын құрды. Аталмыш топтардың алты айлық жұмысының нәтижесінде ТМД елдері мен Еуропалық Қоғамдастық мемлекеттерінің электр энергиясы рыногінің жұмыс істеуі мен қоршаған ортаны қорғау саласын заңнамалық тұрғыда қамтамасыз ету жөнінде зерттеулер жүргізілді. Ендігі кезеңде аталмыш салалардағы заңнамаларды үйлестіру перспективасын айқындау және салыстырмалы талдау жасау жұмыстары жүзеге асырылғалы отыр.
Жобаны жүзеге асыруға технологиялық дайындықтар аясында 2004-жылы ТМД шеңберіндегі жалпы қуатына және энергетикалық жүйесінің ұзындығына қарай ең ірі болып табылатын Ресейдің Біртұтас энергетикалық жүйесінде сынақтар жүргізу көзделіп отыр. Сынақ Батыс пен Шығысты синхронды біріктіруде жүйелік әсерге қол жеткізу үшін бірінші және екінші сатылы жиілік реттеу сапасын бағалау үшін өткізіледі.
Қазіргі жағдаймен Достастық аясындағы он екі ұлттық энергетикалық жүйенің он бірі бірлескен парралель жұмысты жолға қойған. Сондай-ақ, ТМД елдерінің энергетикалық жүйелерінң бірлестігі Латвия, Литва және Эстонияның энергетикалық жүйелерімен параллель жұмыс істейді.
ТМД елдері электр энергетикалық кеңесінің құрамына осы елдердің электр энергетикасы жүйесін басқару органдарының бірінші басшылары, Әзербайжан, Армения, Беларусь, Грузия, Қазақстан, Қырғызстан, Молдова, Ресей, Тәжікстан, Түрікменстан, Өзбекстан және Украинаның толық құқылы өкілдері кіреді. Кеңеске РАО «ЕЭС России» компаниясы басқармаларының төрағасы Анатолий Чубайс төрағалық етеді.