Жарияланды: 460

Брюссельде Солтүстік Атлантикалық Альянс +Қазақстан кеңесінің отырысы барысында Серіктестіктің дербес іс-қимыл жоспарын жүзеге асыру жөнінде пікір алмасылды

Алматы. 16 қазан. "Қазақстан Бүгін" - Брюссельде кеше өткен Солтүстік Атлантикалық Альянс +Қазақстан кеңесінің отырысы барысында Қазақстан мен Альянс арасындағы серіктестіктің дербес іс-қимыл жоспарын жүзеге асыру жөнінде пікір алмасылды, деп хабарлайды агенттік тілшісі ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Отырыс барысында Қазақстан қорғаныс министрі Даниал Ахметов пен Солтүстік Атлантикалық Альянс бас хатшысы Яап де Хооп Схеффер келіссөздер жүргізді. "Биыл дәстүрлі өткізіліп келе жатқан "Дала қыраны" халықаралық оқу-жаттығулары барысында Қазбаттың оперативтік сәйкестігіне Солтүстік Атлантикалық Альянстың әскери сарапшылары "Оперативтік әлеует тұжырымдамасы" атты бағдарлама шеңберінде баға берді. Келесі кезеңде Қазбриг 2010 жылға дейін бітімгершілік миссия атқаруға толық дайын болып шығуға тиіс ", - деп хабарлайды баспасөз қызметі. Сондай-ақ, Қазақстанның қорғаныс министрі Бельгияның қорғаныс министрі Питер де Креммен кездесті. Кездесу барысында екі елдің қорғаныс мекемелері арасындағы келешек ынтымақтастық бағыттары талқыланды. Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін