Жарияланды: 350

Б.Сағынтаев Елбасына "Жас Отан" жастар бірлестіктерінің республикалық екінші съезіне дайындық барысы туралы баяндады

Бүгін Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев "Нұр Отан" ХДП Төрағасының бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаевты қабылдады, деп хабарлады ҚР Президентінің баспасөз қызметі.

Кездесуде Б.Сағынтаев партия жұмысының жүргізілуі, облыстар мен қалаларда мәслихаттар сайлауының қорытындылары туралы баяндады. Сонымен қатар, "Нұр Отан" ХДП Төрағасының бірінші орынбасары "Жас Отан" жастар бірлестіктерінің республикалық екінші съезіне дайындық барысы туралы мәлімдеді. Іс-шараға еліміздің барлық өңірінен 1150-ге жуық делегат қатысады деп жоспарлануда. Съезде Мемлекет басшысы жастар саясаты мәселелері бойынша сөз сөйлейді деп күтілуде, сондай-ақ "Жас Отан" жастар қанатының 2020 жылға дейінгі жаңа стратегиясы қабылданатын болады. Қазақстан Президенті кездесудің қорытындысы бойынша республикалық және өңірлік деңгейдегі партияның жұмысын жандандыру жөнінде тапсырма берді.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін