Будапештте Қазақстан-Венгрия бизнес-форумы өтті - kaz.caravan.kz
  • $ 469.83
  • 536.83
+28 °C
Алматы
2026 Жыл
18 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Будапештте Қазақстан-Венгрия бизнес-форумы өтті

Будапештте Қазақстан-Венгрия бизнес-форумы өтті

Будапешт қаласында Венгриядағы ҚР Елшілігінің, Венгрия ұлттық экономика министрлігі және Сауда өнеркәсіп палатасының ықпалымен алдыңғы қатарлы бизнес-қауымының 100-ден астам өкілі қатысқан Қазақстан-Венгрия бизнес-форумы өтті. Бұл туралы ҚР СІМ баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 5 Қыркүйек 2013
  • 421
Фото - Caravan.kz

Іс-шара шеңберінде Венгрия жағы Мемлекет басшысының халыққа «Қазақстан-2050» Стратегиясы» жолдауының негізгі қырларымен, елдегі қоғамдық-саяси және экономикалық қайта құрумен, атап айтқанда, Астанада ЭКСПО — 2017 көрмесін өткізу және Қазақстанның «жасыл экономикаға» өтуі туралы ақпаратпен жан-жақты танысты.

Бизнес-форумда екі елдің экономикалық әлеуеті мен жаңа экономикалық өзара әрекет бағыттары бойынша ҚР елшісі Нұрбақ Рүстемов, Венгрия ұлттық экономика министрі Михай Варга, ұлттық экономика министрі мемлекеттік хатшысының орынбасары Антал Николетти, «Венгрия сауда үйінің» президенті Вильмош Шкултетти және Қазақстан-Венгрия іскерлік кеңесінің тең төрағасы Шандор Фашимон сөз сөйледі.


Бизнес-форум барысында тараптар, сондай-ақ, сауда-экономикалық және инвестициялық салалардағы екі жақты ынтымақтастықты кеңейту және тереңдету туралы бір топ мәселені талқылады.