Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке тойланады: 2 тамыз - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке тойланады: 2 тамыз

Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке тойланады: 2 тамыз

Бұл күн Григориан күнтізбесі бойынша 214-ші күн. Жылдың соңына дейін 151 күн бар.

  • 2 Тамыз 2018
  • 219
Фото - Caravan.kz

2 тамызда не болғанын білесіз бе?

Бұл күн туралы толығырақ Sputnik дерекқорынан оқыңыз.

2 тамызда әлемде қандай оқиғалар болды

Бұл күні Ресей, Украина, Беларусь және ТМД-ға мүше басқа да елдерде "ВДВ үшін" деп ұрандатады. Әуе десанты әскері күні қатардағы және запастағы әуе десанты әскерилерінің кәсіби мерекесі. Дәстүрлі түрде көптеген қалада мейрамға орай концерттер өтіп, десантшылар әскери дайындығын көрсетеді. 

Әзербайжанда бұл күні кинематографтың кәсіби мерекесі аталып өтеді. 

Әлемде 2 тамызда болған тарихи оқиғалар

1972 жылы – Ливия мен Мысырды бір мемлекетке біріктіру туралы келісімге қол қойылды;

1812 жылы – Одессада оба эпидемиясы басталып, әрбір оныншы азамат көз жұмды;

1981 жылы – қазіргі уақыттағы танымал "MTV" телеарнасы іске қосылды, алты жылдан кейін ол Еуропада жұмыс істей бастады; 

1996 жылы – Ресейде соңғы өлім жазасы орындалды. Бұл күні он бір жасөспірімді өлтірген қылмыскер Сергей Головкин атылды.

Қазақстанда 2 тамызда болған тарихи оқиғалар

2007 жылы – Қазақстан халқы Ассамблеясы Сеулде таныстырылды; 

2016 жылы – Қазақстанның астанасында ІІМ-нің полиция полковнигі Серік Нұрғалиевке "Қазақстанда полицей бауырмалдығы идеясын ілгерілеткені үшін" медалі тапсырылды.


Әлемде 2 тамызда туған танымал тұлғалар

1931 жылы кеңес одағының ұшқыш-сынаушысы Попович Марина дүниеге келді;

1938 жылы кеңес одағының әншісі, Грузияның халық әртісі Вахтанг Кикабидзе өмірге келді;

1941 жылы француз иммунологы және цитологы, физиология және медицина саласындағы Нобель сыйлығын алған Жюль Хоффман туды; 

1977 жылы – украин поп-жұлдызы Наталья Могилевская өмір келді.

Қазақстанда 2 тамызда кім дүниеге келді

1954 жылы халық әртісі, қазақ әншісі Мәдина Есмалайқызы Ерәлиева өмірге келді;

1972 жылы қоғам және мемлекет қайраткері, түрлі мемлекеттік қызмет атқарған Асқар Қуанышұлы Жұмағалиев туды.

Ай күнтізбесі

Бұл күні маңызды келіссөздер мен келісімдерге қол қоюдан бас тартқан жөн. Өйткені әншейін нәрсе кедергі болуы мүмкін. Қайғылы оқиғалар болуы ықтимал, от пен өткір заттардан аулақ болған абзал.

 

Соңғы жаңалықтар