Жарияланды: 480

Бүгін Байқоңырда "Протон-М" зымыран тасығышының көмегімен үш бірдей "Глонасс-М" жер серігін ұшыратын күн

Байқоңыр. 25 қыркүйек. "Қазақстан Бүгін" - Байқоңырда бүгін "Протон-М" зымыран тасығышы мен үш бірдей "Глонасс-М" жер серігінің ұшырылым күні , деп хабарлайды агенттік тілшісі ғарыш айлағындағы ақпарат көзіне сілтеме жасап.

Бүгін ұшырылым кешенінде 22 қыркүйекте №81 алаңның ұшырылым "үстеліне" тік күйінде орнатылған "Протон-М" зымыранын ұшырылымға дайындық операциялары аяқталады. Ғарыш саласындағы кәсіпорындардың мамандары ұшырылым кестесі бойынша жұмыс істеуде. Бүгін "Протон-М" зымыран тасығышын жанармаймен толтыру жұмыстары жасалуда. Жұмыстар аяқталғаннан кейін, мемлекеттік комиссия ғарыш зымыранын ғарыштық отын құрамымен толтыру жөнінде шешімді бүгін кешке өтетін жиналыста шығаратын болады. Мемлекеттік комиссия мүшелері мен техникалық жетекшілер ғарыштық ұшырылымға арналған зымыранның дайындығын, ұшырылым қондырғысы, сондай-ақ "Протон-М" зымыран тасығышы мен "Глонасс-М" жер серіктерінің ұшырылымына қатысы бар басқа да ғарыш айлағындағы инфрақұрылым нысандарына байланысты қорытындысын жасайды. Үш бірдей "Глонасс-М" жер серігінің үшінші ұшырылымы ГЛОНАСС ресейлік навигациялық жүйесінің 24 аппараттан тұратын топтамасын толықтыруға тиіс. Ресейдің навигациялық үш "Глонасс-М" атты жер серігін алып ұшатын "Протон-М" зымыран тасығышының ұшырылымы 25 қыркүйекке Астана уақытымен 14 сағат 49 минутқа межеленген. Жылдың аяғына дейін алты "Глонасс-М" жер серігін ұшыру жоспарланған. Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін