Бүгін бірнеше облыста қар жауып, бұрқасын болады - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+22 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Бүгін бірнеше облыста қар жауып, бұрқасын болады

Бүгін бірнеше облыста қар жауып, бұрқасын болады

Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты Қазақстанның басым бөлігінде циклонның ықпалы сақталады.

  • 14 Қаңтар 2018
  • 170
Фото - Caravan.kz

Соған байланысты кей жерлерде қар жауады, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі Қазгидрометке сілтеме жасап.

Республиканың таулы аудандарында, оңтүстік және оңтүстік шығысында қар жауып, тұман, көктайғақ, жел күшейіп, бұрқасын болады.

Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде желдің күші 15-20 м/с, тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын болуы мүмкін.

Шығыс Қазақстан облысында бұрқасын болады, түнде жел 15-20 м/с жетеді.

Алматы облысында тұман түседі, Жалаңашкөл ауданында жел 18-23 м/с күшейеді.


Маңғыстау, Қызылорда облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болады.

Ақмола облысында тұман, бұрқасын болуы ықтимал.

Батыс Қазақстан, Атырау, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды облыстарында, түнде және таңертең Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде тұман түседі.

 

Соңғы жаңалықтар