Оның хабарлауынша, партиялық тізімдер бойынша мәжіліс депутаттығына барлығы 400 кандидат ұсынылды.
400 кандидаттың 339 ер адам және 61 әйел. Кандидаттардың орташа жасы 55 жас. 373 кандидат жоғары білім игерген.
Мамандығы бойынша: 89 — инженер; 78 — заңгер, 72 — оқытушы, 61 — экономист.
Қызмет түрі бойынша: 80 — коммерциялық құрылымдардың қызметкерлері; 47 — үшінші шақырылған Қазақстан Республикасы парламенті мәжілісінің бұрынғы депутаттары; 46 — мемлекеттік кәсіпорындардың, мекемелердің, ұйымдардың қызметкерлері; 43 — ғылым, мәдениет және білім беру қызметкерлері; 21 — орталық органдар мен министрліктердің қызметкерлері.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті