Бүгін еліміздің басым бөлігінде жауын-шашын болады - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+15 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Бүгін еліміздің басым бөлігінде жауын-шашын болады

Бүгін еліміздің басым бөлігінде жауын-шашын болады

Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашын жауады, тек оңтүстік-шығыс пен қиыр оңтүстікте, батыста ауа райы жауын-шашынсыз. Кей жерлерде республика бойынша тұман, көктайғақ, желдің екпіні 15-20 м/с, қиыр солтүстікте боран.

  • 17 Қараша 2017
  • 231
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы "Қазгидромет" РМК хабарлады.

Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде желдің екпіні  түнде 15-20, кей жерлерде 25 м/с, күндіз кей жерлерде 15-20 м/с, жекелеген аудандарда боран соғып, тұман түседі, көктайғақ болады.

Ақмола, Қостанай облыстарында кей жерлерде тұман, көктайғақ, желдің екпіні 15-20 м/с. Оңтүстік Қазақстан облысында күндіз кей жерлерде, Алматы облысында Жалаңашкөл ауданында желдің екпіні 15-20 м/с, түнде Алматы облысында кей жерлерде тұман түседі.

Атырау, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан облыстарында кей жерлерде тұман, көктайғақ. Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Павлодар облыстарында кей жерлерде тұман.


Соңғы жаңалықтар