Жарияланды: 260

Бүгін еліміздің кей жерлерінде жел күшейеді

Бүгін еліміздің кей жерлерінде жел күшейеді

Бүгін еліміздің кей жерлерінде жел күшейеді. Республиканың  солтүстік, солтүстік-батыс және орталығының кей жерлерінде түнде және таңертең тұман болуы мүмкін.

Тек республиканың оңтүстік-батыс және оңтүстігінде жауын-шашынсыз ауа райы сақталады, деп хабарлайды "Қазгидромет". 

Ақмола, Солтүстік  Қазақстан облыстарының  кей жерлерінде бұршақ күтіледі, жел 15-20, екпіні 23 м/с күшейеді, түнде және таңертең тұман болады. Шығыс Қазақстан  облысының кей жерлерінде бұршақ жауады, жел 15-20, күндіз екпіні 25 м/с күшейеді. Қарағанды облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшеюі күтіледі, жекелеген аудандарында таңертең тұман болып, күндіз бұршақ жауады. Қостанай  облысының кей жерлерінде таңертең және күндіз жел 15-20 м/с күшейеді, түнде тұман болады. Павлодар облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, күндіз бұршақ жауады. Батыс Қазақстан облысының  кей жерлерінде күндіз жел 15-20 м/с күшейеді.

 Күндіз Атырау, Батыс Қазақстан облыстарында, Маңғыстау Алматы кей жерлерінде  өте қатты ыстық күтіледі.

Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда облыстарының басым бөлігінде, Батыс Қазақстан, Атырау, Қостанай, Қарағанды, Жамбыл, Алматы облыстарының кей жерлерінде өте жоғары өрт қауіпі сақталады.

Астана қ: көшпелі бұлтты, кей уақытта жаңбыр жауады, найзағай күтіледі, бұршақ жаууы мүмкін.  Жел солтүстік, солтүстік-батыстан соғады күші 9-14, күндіз екпіні 15-20 м/с болады.  Ауаның  температурасы түнде +11+13°С, күндіз +22+24°С болады.

Алматы қ: көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел 0-5 м/с. Ауаның температурасы түнде +18+20°С, күндіз +30+32°С болады.                                                                

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін