Бүгін еліміздің оңтүстігінде қалың қар жауады - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Бүгін еліміздің оңтүстігінде қалың қар жауады

Бүгін еліміздің оңтүстігінде қалың қар жауады

Бүгін атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты Қазақстан территориясының оңтүстігінде және оңтүстік шығысында түнде қалың қар жауады. Кей жерінде бұрқасын, тұман, көктайғақ, желдің күшеюі күтіледі.

  • 15 Қаңтар 2018
  • 187
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметі хабарлайды.

Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерінде желдің күшеюі 15-20 м/с, бұрқасын, тұман күтіледі.

Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарында көктайғақ болады.

Алматы облысының кей жерінде тұман түсіп, Жалаңашкөл ауданында желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ға дейін күшейеді.

Ақмола, Қызылорда облыстарының кей жерінде тұман түсіп, желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ға дейін жетеді.


Батыс Қазақстан, Атырау, Ақтөбе, Қостанай, Павлодар, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Маңғыстау облыстарының кей жерінде тұман күтіледі, Павлодар облысының кей жерінде күндіз бұрқасын болады.

Соңғы жаңалықтар