Республиканың кей жерінде тұман сақталады, батыста және оңтүстік шығысында жел күшейеді, батысында көктайғақ болады.
Алматы облысының кей жерінде тұман түседі, Жалаңашкөл ауданында жел 18-23 м/с күшейеді.
Маңғыстау, Атырау облыстарының кей жерінде тұман түсіп, көктайғақ болады, жел 15-20 м/с күшейеді.
Ақмола, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар және Қарағанды облыстарының кей жерінде тұман түседі.