Бүгін кештен бастап жанар-жағармай құю стансалары Қазақстанда бензин бағасын көтеруге құқылы - kaz.caravan.kz
  • $ 471.45
  • 547.21
+12 °C
Алматы
2026 Жыл
22 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Бүгін кештен бастап жанар-жағармай құю стансалары Қазақстанда бензин бағасын көтеруге құқылы

Бүгін кештен бастап жанар-жағармай құю стансалары Қазақстанда бензин бағасын көтеруге құқылы

Бүгін кештен бастап Қазақстанда Аи-92/93 бензинінің  бағасы қымбаттайды.

  • 26 Мамыр 2015
  • 462
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы ҚР Энергетика министрлігі Мұнай өнеркәсібін дамыту департаментінің директоры Қуандық Құлмұрзин мәлім етті.

«Қазіргі кездегі  АИ-92/93 маркалы бензинінің литріне баға 99 теңге көлемінде. Бұйрық ресми жарияланғаннан уақыттан бастап күшіне енеді. Осы құжат біздің сайтқа орналастырылды. Бүгін кешкі ауысымынан бастап жанар-жағармай құю стансалары Аи-92/93 бензинінің литріне  108 теңге көлемінде шекті бөлшек сауда бағасын қоя  алады»,-деді Құлмұрзин.

Бұдан бұрын хабарланғандай, ҚР Энергетика министрі В.Школьник бағаларына мемлекеттік реттеу белгіленген бөлшек саудада өткізілетін мұнай өнімдеріне шекті бағаларды белгілеу туралы бұйрыққа қол қойды.


Энергетика министрлігінің бұйрығына сәйкес енді: дизель отыны — 1 литр үшін 99 теңге;

Аи-80 — 1 литр үшін 89 теңге;

Аи-92/93 — 1 литр үшін 108 теңгені құрайды.