Жарияланды: 480

Бүгін Халықаралық сапа күні

Халықаралық сапа күні көптеген елдерде қараша айының екінші бейсенбісінде өткізілетін жыл сайынғы іс-шара.

Бұл күнді белгілеудің бастамашысы БҰҰ-ның қолдауымен Еуропалық сапа ұйымы болып табылады. Халықаралық сапа күні 1990 жылы бекітілді. Ал алты жыл өткеннен кейін Еуропалық сапа ұйымы қарашаның екінші бейсенбісін Еуропалық сапа апталығы деп жариялады. Халықаралық сапа күнінің мақсаты өнімдер мен қызметтер сапасының жоғары болуына назар аударту. Мәселе адам мен қоршаған орта үшін тауарлардың қауіпсіздігінде ғана емес, сонымен қатар сұраныстар мен тұтынушылар үмітінің қанағаттанушылық деңгейінде болып отыр. Сапа проблемасы әлемнің жетекші елдерінің экономикасындағы анағұрлым басымдықты проблемалардың бірі. Қазіргі жағдайда сапа кез келген кәсіпорынның, саланың және жалпы алған мемлекеттің табысқа жетуінің кілті болып табылады.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін