Бүгін президенттіктен үміткерлердің атын ұсыну шарасы аяқталады - kaz.caravan.kz
  • $ 439.43
  • 473.31
+18 °C
Алматы
2024 Жыл
9 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Бүгін президенттіктен үміткерлердің атын ұсыну шарасы аяқталады

Бүгін президенттіктен үміткерлердің атын ұсыну шарасы аяқталады

Президент сайлауына дайындық және оны өткізуге бағытталған негізгі шаралардың күнтізбелік жоспарына сәйкес, үміткерлердің атын ұсыну 2005-жылдың 8-қыркүйегінде басталып, сайлауға екі ай қалғанда, яғни, 2005-жылдың 3-қазанында, яғни, бүгін аяқталады,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 3 Қазан 2005
  • 456
Фото - Caravan.kz



1-қазандағы жағдаймен Қазақстан президенттігінен үміткер ретінде атын ұсынуға 17 адам ниет білдірді. Соның ішінде 4 адам республикалық қоғамдық бірлестіктерден үміткер ретінде ұсынылса, 13 адам өз бетімен ат ұсынды.
Лингвистикалқ комиссия 12 үміткердің қазақ тілінде еркін сөйлейтінін анықтады. Олардың бәрі де «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» заң мен Конститукцияға сәйкес үміткерге қойылатын талаптарға сай келеді.
Атап айтсақ, Орталық сайлау комиссиясының мәліметтеріне сәйкес, үміткерге қойылатын талаптарға қазіргі мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев, «Әділетті Қазақстан үшін» Демократиялық күштер блогы» Республикалық қоғамдық бірлестігінің жетекшісі Жармахан Тұяқбай, сенат депутаты Уәлихан Қайсаров пен Алматылық кәсіпкер Сәлім Өтен, қоғам қайраткері Амантай қажы Асылбек, Алматы облыстық адвокаттар алқасының адвокаты Мекемтас Тілеулесов, мәжіліс депутаты Ерасыл Әбілқасымов, Қазақстан фермерлерінің «Қазагро» ұлттық федерациясының президенті Балтабай Рахымжанов, қоғамдық «Альфа» қозғалысының президенті Жақсыбай Бәзілбаев, «Ақ жол» партиясының жетекшісі Әлихан Бәйменов пен «Табиғат» экологиялық одағының төрағасы Мэлс Елеусізов, 70 жастағы Алматы тұрғыны, тарих ғылымдарының кандидаты Кәрішал Асан-Ата сай келеді деп танылды.
Ал президент сайлауына қатысуға ниет білдірген Алматы облысындағы Талғар қаласының 43 жастағы тұрғыны Майя Қарамаева, Ақтөбе тұрғыны, жұмыссыз Мейрамкүл Қожағұлова мен Қарағанды тұрғыны Сұлушаш Нүкенова лингвистикалық комиссияға қазақ тілінен емтихан тапсыра алмай, сайлау алдындағы додадан шығып қалды.
Сонымен бірге Қазақстан жазушылар одағының 63 жастағы мүшесі Тілепалды Жамбылов пен 1-қазанда Орталық сайлау комиссиясына өтініш тапсырған Алматылық зейнеткер Мақсұт Оразай әзірге сәйкестік процедурасынан өткен жоқ. М.Оразай бүгін қазақ тілінен емтихан тапсырады.
Бүгін, 2005-жылдың 3-қазанында үміткерлерді тіркеу шарасы басталып, сайлауға 40 күн қалғанда, яғни, 2005-жылдың 24-қазанында аяқталады. Қазақстандағы кезекті президент сайлауы 2005-жылдың 4-желтоқсанына белгіленді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Соңғы жаңалықтар