Бүгін Қазақстан қалаларында ауа сапасы нашарлайды - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+8 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Бүгін Қазақстан қалаларында ауа сапасы нашарлайды

Бүгін Қазақстан қалаларында ауа сапасы нашарлайды

Жексенбі, 4 наурыз күні Қазақстанның 13 қаласында ауа сапасы нашарлайды.

  • 4 Наурыз 2018
  • 157
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Baq.kz ақпарат агенттігі «Қазгидромет» сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Атап айтқанда, Астана (түнгі уақытта), Атырау, Ақтөбе, Балқаш, Қарағанды, Теміртау, Қостанай, Көкшетау, Ақсу, Екібастұз, Павлодар, Петропавл, Шымкент қалаларында метеожағдайлар ластаушы заттардың атмосферада жиналуына ықпал ететін болады. Ал Алматы, Астана (күндізгі уақытта), Ақтау, Жаңаөзен, Ақсай, Орал, Қызылорда, Өскемен, Талдықорған, Тараз қалаларында ластаушы заттар ауада керісінше ыдырайды.

Айта кетейік, 2018 жылдың 1 қаңтарынан Қазгидрометтің www.kazhydromet.kz сайтында қолайсыз метеорологиялық жағдайлардың (ҚМЖ) болжамы жарияланады. ҚМЖ — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың жиналуына ықпал ететін қысқамерзімді метеорологиялық факторлардың (тымық, жеңіл жел, тұман, инверсия) үйлесімі.

ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы мүмкін. Ластану деңгейінің қалыптасуын анықтайтын маңызды факторлардың бірі — синоптикалық ахуалдың (жел, жауын-шашын, ылғалдылық, ауа температурасы) болжамы.


Соңғы жаңалықтар