Жарияланды: 1300

Бүгін - Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің күні

Бүгін - Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің күні

Бүгін - Қазақстан Ұлттық қауіпсіздік комитетінің күні.

1991 жылы желтоқсанның 19-ы күні Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қауіпсіздік комитеті Қазақ ССР Мемлекеттік қауіпсіздік комитетінің заңды мұрагері болып танылып, 1992 жылы 13 шілде күні Елбасының Жарлығымен Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті болып қайта құрылды. Тәуелсіз Қазақстанның ұлттық қауіпсіздік органының тарихы осы күннен бастау алады. Қазақстан Ұлттық қауіпсіздік комитеті үшін өткен 19 жыл - даму мен қалыптасудың, тұрақты жетілудің жылдарына айналды. Комитет құрылымындағы барлық өзгерістер әлемдегі және елдегі ахуалмен тығыз байланысты болды, Ол Елбасының тапсырмаларымен және уақыт талабымен анықталып отыр. Барлық реформалардың басты мақсаты - Комитетке жүктелген міндеттерді тиімді шешу, егемен Қазақстанның мүддесін қорғау. Қазір Ұлттық қауіпсіздік комитеті кез келген қатер мен сынаққа шұғыл да барабар жауап бере алатын икемді, әрі жоғары білікті арнайы қызмет.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін