Бүгін Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашын болады - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+8 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Бүгін Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашын болады

Бүгін Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашын болады

Бүгін Қазақстан территориясының басым бөлігінде атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты ауа райы жауын-шашынды болады. Тек елдің батысында ауа райы жауын-шашынсыз. Кей жерлерде тұман, желдің күшеюі, солтүстік, солтүстік батыста көктайғақ болмақ.

  • 5 Қазан 2017
  • 183
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметі хабарлайды.

Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, түнде Алматы, Оңтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман болады.

Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде көктайғақ, тұман, желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ға жетеді. 

Қостанай облысында түнде кей жерлерде көктайғақ, тұман болады деп болжанады.


Қарағанды, күндіз Павлодар облыстарының кей жерлерінде тұман, желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ға жетеді.

Шығыс Қазақстан облысында кей жерлерде жел 15-20 м/с-ға дейін күшейеді.

 

Соңғы жаңалықтар