«Қазақстан жолы: Бірлік. Патриотизм. Реформалар» атты халықаралық конференция өткізеді.
Бұл туралы Мәжілістің баспасөз қызметі хабарлады.
Өкілетті жиынға қатысушылар Қазақстан мен Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың халықаралық тұрақтылықпен қамтамасыз етуге, Қазақстан халқының қоғамдық келісім мен ұлтаралық ынтымағына, көпұлтаралық және көпдінаралық қоғамның өркендеуіне қосқан үлесі талқыланады.
Конференция жұмысына Мәжіліс спикері Қ.Жақыпов, Белорусь Республикасы Ұлттық Жиналысы Өкілдер палатасының төрағасы В.Андрейченко, Қырғызстан Республикасының Жогорку Кенеші төрағасы А. Жээнбеков, Ауғанстан, Қазақстан, Ресей, Тәжікстан, Түркіменстан парламентшілері, ҚХА өкілдері, сонымен қатар халықаралық ұйымдардың өкілдері қатысатын болады.
Шара басталардан бұрын оған қатысушылар Қазақстан халқы Ассамблеясының көрмесін тамашалайды.
Сонымен бірге Мәжіліс спикері Қ.Жақыпов, Белорусь Республикасы Ұлттық Жиналысы Өкілдер палатасының төрағасы В.Андрейченко, Қырғызстан Республикасының Жогорку Кенеші төрағасы А.Жээнбеков және басқа да конференцияға қатысушылар Отан қорғаушылар монументіне тағзым етуге қатысады.