Бүгін ҚР Президентінің төрағалығымен Қауіпсіздік кеңесінің кезекті отырысы өтеді - kaz.caravan.kz
  • $ 471.45
  • 547.21
+24 °C
Алматы
2026 Жыл
21 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Бүгін ҚР Президентінің төрағалығымен Қауіпсіздік кеңесінің кезекті отырысы өтеді

Бүгін ҚР Президентінің төрағалығымен Қауіпсіздік кеңесінің кезекті отырысы өтеді

Бүгін Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен Қауіпсіздік кеңесінің кезекті отырысы өтеді.

  • 12 Маусым 2015
  • 497
Фото - Caravan.kz


Отырыста экологиялық қауіпсіздіктің жайы, қоршаған ортаны қорғау саласында қабылданып жатқан шараларға қатысты мәселелер талқыланады деп жоспарланып отыр.

Айта кетейік, Қазақстан Республикасының Қауіпсіздік Кеңесі Қазақстан Республикасы Конституциясының 44-бабының 20- тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының қорғаныс қабілеті мен ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету, мемлекеттік егемендігін, тәуелсіздігі мен аумақтық тұтастығын сақтау, елдегі әлеуметтік-саяси тұрақтылықты ұстап тұру, азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын қорғау жөніндегі Мемлекет басшысының шешімдерін әзірлеу және өкілеттігін іске асыруына жәрдемдесу үшін Қазақстан Республикасының Президенті құратын консультативтік-кеңесші орган болып табылады.