Бүгін Санкт-Петерборда өтіп жатқан G20 саммиті аяқталды - kaz.caravan.kz
  • $ 469.83
  • 536.83
+40 °C
Алматы
2026 Жыл
18 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Бүгін Санкт-Петерборда өтіп жатқан G20 саммиті аяқталды

Бүгін Санкт-Петерборда өтіп жатқан G20 саммиті аяқталды

Бүгін Ресейдің Санкт-Петербор қаласында өтіп жатқан G20 саммиті аяқталды. Әлеуметтік әріптес елдердің көшбасшылары шақырылған жиынға Президент Нұрсұлтан Назарбаев та қатысты. 

  • 7 Қыркүйек 2013
  • 467
Фото - Caravan.kz

Әлемнің алпауыт 20 елінің басшылары кедейлікпен күрес, инвестиция, сауда-саттық сынды экономикалық мәселелерді талқыға салды. Сириядағы ахуал да назардан тыс қалған жоқ. Алайда, жиырма елдің басшылары тағдыры қыл үстінде тұрған бұл мемлекетке қатысты сол күйі ортақ мәмлеге келе алмады. Осы жиын барсында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев шетелдік әріптестерімен бірқатар кездесулер өткізді. Президент бірінші кезекте Дүниежүзілік сауда ұйымының Бас директоры Роберту Азеведумен жеке жүздесіп, Қазақстанның аталған ұйымға мүшелік ету мерзімін талқылады. Сондай-ақ Нұрсұлтан Назарбаев АҚШ, Франция, Ұлыбритания, Италия президенттерімен және БҰҰ-ның бас хатшысымен де кездесті.


Пан Ги Мун БҰҰ Бас хатшысы:

Сізбен кездескеніме өте қуаныштымын. Қазақстан G20 саммитіне шақырылып отыр. Бұл — сіз басқарып отырған елдің экономикалық жағдайын әлеуметтік әріптестердің толық мойындауының белгісі. Яғни Қазақстан әлемдік мәселелерді шешуге қауқарлы деген сөз.