Бүгін солтүстік өңірлерде бұршақ жауады - Қазгидромет - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+5 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Бүгін солтүстік өңірлерде бұршақ жауады - Қазгидромет

Бүгін солтүстік өңірлерде бұршақ жауады - Қазгидромет

12 тамызда Қазақстанның көптеген бөліктерінде атмосфералық фронталды бөліктердің өтуіне байланысты,

  • 12 Тамыз 2015
  • 469
Фото - Caravan.kz


тұрақсыз ауа райы сақталады, кей жерлерінде жаңбыр жауып, найзағай болады, күндіз бұршақ болуы ықтимал, жел күшейеді. Тек республиканың оңтүстігі мен батысында жауын-шашынсыз ауа райы сақталады, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК. 

Павлодар, Қостанай, Шығыс Қазақстан, күндіз Атырау, Оңтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді. Күндіз Ақмола облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, бұршақ болуы ықтимал. Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, бұршақ болуы ықтимал, түнде және таңертең кей жерлерде тұман болады. Қарағанды облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, бұршақ болуы ықтимал. 
Атырау, Ақтөбе, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл облыстарының басым бөліктерінде, Қарағанды, Алматы, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде өте жоғары өрт қаупі сақталады.

Соңғы жаңалықтар