Бүгін таңертең төрт облыс аумағындағы республикалық маңызы бар жолдар ашылды - kaz.caravan.kz
  • $ 467.41
  • 533.88
+25 °C
Алматы
2026 Жыл
9 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Бүгін таңертең төрт облыс аумағындағы республикалық маңызы бар жолдар ашылды

Бүгін таңертең төрт облыс аумағындағы республикалық маңызы бар жолдар ашылды

Бүгін таңертең төрт облыс аумағындағы республикалық маңызы бар жолдардың учаскелері ашылды.

  • 17 Қаңтар 2014
  • 324
Фото - Caravan.kz


Бұл туралы «Қазақавтожол» РМК баспасөз қызметінен хабарланды.

Атап айтқанда кеше боранға байланысты Ақмола, Қостанай, Қарағанды, Ақтөбе облыстарындағы жолдардың учаскелерінде көлік қозғалысы шектелген болатын.

Қазіргі уақытта барлық автокөліктер үшін Ақтөбе облысы аумағындағы «Қандыағаш-Ембі-Шалқар-Ырғыз» автожолының 0-257 шақырымындағы Қандыағаш пен Шалқар аралығында жол жабық тұр. Бұл учаскеде «Қазақавтожол» РМК филиалының арнайы техникалары кезекшілік жасауда.