"Бүгін туған күні": Қытайда өмір бойына бас бостандығынан айырылған Ақжарқын Тұрлыбайдың түрмеде отырғанына 10 жыл болды - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+21 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Бүгін туған күні": Қытайда өмір бойына бас бостандығынан айырылған Ақжарқын Тұрлыбайдың түрмеде отырғанына 10 жыл болды

"Бүгін туған күні": Қытайда өмір бойына бас бостандығынан айырылған Ақжарқын Тұрлыбайдың түрмеде отырғанына 10 жыл болды

Қытайда өмір бойына бас бостандығынан айырылған қазақ қызы Ақжарқын Тұрлыбайдың бүгін туған күні. 19 жасында түрмеге қамалған Ақжарқын 29-ға толып отыр. 

  • 22 Ақпан 2023
  • 13416
Фото - Caravan.kz

Осыған орай, журналист Бибігүл Дәулетбекқызы жазба жариялап, Ақжарқынның жағдайы туралы оның анасынан естіген мән-жаймен бөлісті, деп хабарлайды Caravan.kz медиа-порталы.

"Бағана Зухра апай хабарласқанында, жүрегім қан жылап тұрды. "Бибігүл-ау, бүгін Ақжарқынымның туған күні ғой. Сіңлім, саған жай айтып тұрғаным ғой ішкі сырымды" дегенде өзегім өртеніп кете жаздады…

Енді міне, бүгін 29 жасқа толып отыр. Анасы Зухра апаймен жиі хабарласып тұрамыз. Сыры мен мұңын маған шағады. Менен бір үлкен үміт күтеді.

Күнде Аллаға сиынып, жырақтағы ботасының тілеуін тілейді. Бүгінде, Ақжарқын түрмеде жүрсе де ағылшын, қытай тілін толық меңгеріп алып, аудармашы қызметін атқарып жүр. Тілге деген қабілеті зор. Бостандықта жүрсе, білікті маман болар ма еді….
Шын жүрегіммен қаракөз қызымыздың тезірек елге оралуын тілеймін", —  деген ол.

Еске салайық, Ақжарқын Тұрлыбай 2014 жылы 3 наурызда Гуанчжоу әуежайында ұсталған. Қытай мемлекеті оны 4,5 келі синтетикалық есірткі тасымалдады деп айыптаған. 2 сәуірде 20 жастағы қазақстандық Ақжарқын Тұрлыбай есірткі тасымалдады деген күдікпен Гуанчжоу қаласында тергеу изоляторында отырғаны хабарланған. Туыстарының айтуынша, олар Ақжарқынмен соңғы рет сол жылы 9 наурызда сөйлескен. Артынан аяқ астынан байланыс үзілген. Ақжарқынның ата-анасы қыздары алаяқтардың құрбаны болғанын айтып, Сыртқы істер министрлігінен көмек сұраған. 


Ақжарқынның бұл шетелге алғаш шығуы болған. Сәнді киім курьері болуға оны құрбысы көндірген. Ақжарқынды Алматы қаласында жұмыс істейтін Алена және Джонни есімді азаматтар Қытайға киім тасымалдауға жіберген. Бірақ шабаданның ішінен есірткі шыққан. 

Соңғы жаңалықтар