Бүгінгі қазақ жазушысының беделі күзетшіден де төмен - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+13 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Бүгінгі қазақ жазушысының беделі күзетшіден де төмен

Бүгінгі қазақ жазушысының беделі күзетшіден де төмен

Турасын айтайыншы: осы ширек ғасырда көп қадірлімізден айырылып қалдық. Сол қадірлілердің – ең қадірлісі – сөз болатын!

  • 18 Сәуiр 2018
  • 41
Фото - Caravan.kz

Сөзден қадір кетті, жұрдай болуға айналды. Қазіргі әкімің – кешегі ұры, бүгінгі бастығың – кешегі барымташы болса, сөздің қадірі кетпей қайтеді?..

Жаужүрек жазушы Қабдеш Жұмаділов қазақтың ақиық ақыны Қадыр Мырза Әлінің еске алу асында: «Қадырмен бірге бір дәуір кетті, әдебиеттің алтын ғасыры» – деп еді…

Қалай дөп айтқан?!. Қалай дәл тапқан?!.

Мен жек көретін, намысымыз өлмегеніміз өлтіре жамандайтын «кешегі кеңестің» кезінде қазақ әдебиетінің алтын ғасыры жазармандарының кітаптары 40-50 мың данамен шығып тұратын. Соның өзі бәрімізге жетпей, бір-бірімізден жалынып-сұрап алып оқитынбыз…

Қазіргі қазақ жазушысы – диуана. Көкірегі сайрап тұр, жүрегі алтын қазына, таланты шартарапқа шабады, қалтасы тесік, кигені жұпыны, жігері жұқалған, беделі мұқалған…

Есесіне, елді алдап-арбаған, ұрымтал ұрлаған алаяқтар жуанқарын болып, байып алған. Әлгі диуана байғұсқа топқа кіріп көрмеген жалаңпұт жеті атасын мақтатып, жаздырады. Жазарманға да шайлық керек, амал нешік, қарап отырып өле ме?!.

Өткенде менің бір жерлесім (әлгі елді алдап-арбаған, ұрымтал ұрлығын айта беретін алаяқтың бірі) өзінің марқұм анасы туралы кітап жаздырыпты. Сонда айтады дейді: «Менің анамды бұл кітапта Домалақ Анадан асырмасаң, кем қылмай жаз» деп…

Бүгінгі қазақ жазушысының беделін – күзетшіден де төмен түсіріп алдық. Өйткені, күзетшінің өзі ары-бері өткенге едіреңдеп, ақыл айтып қояды. Ал, жазушымыз – жезөкшенің етек жағында жұмған аузын аша алмайды…


Жалпы, қолында өткір қалам-қылышы бар жазушыға тым жатағандау, тым көнбістеу, тым тәртіптілеу болу – жараса ма?!. Сосын шығар, биліктің аузына келгенін айтып, «орысша айтқанға – қазақша жауап берсең, жұмыстан тайдырамын» деп қоқи қоразша қоқаңдайтыны?!..

Абыройы абдыратқан Әуезов, мысы басқан Мұқанов, есін кетірген Есенберлин, қабақ-жанарымен жауратқан Жұбан Молдағалиевтер қайда?..

Неғып өңшең қоянжүрек қорқақтар қалды? Неге жазушы жасып кетті? Жазарман жасыса, оқырман ойсырайды…

«Ұят болмасын» десек, дүр сілкінуі керек, жазарман қауымның…

Оқи отырыңыз:

Алматы тұрғыны жоғалған ұлына 7 жылдан соң іздеу салды

Мүфтият жасанды ұрықтандыруға қатысты жаңа пәтуа шығарды

АҚШ-тың бұрынғы бірінші ханымы Барбара Буш өмірден озды

 

 

Соңғы жаңалықтар