Бүгіннен бастап жұмысын қайта бастаған қызмет түрлерінің тізімі - kaz.caravan.kz
  • $ 441.58
  • 480
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
17 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Бүгіннен бастап жұмысын қайта бастаған қызмет түрлерінің тізімі

Бүгіннен бастап жұмысын қайта бастаған қызмет түрлерінің тізімі

4 мамырдан бастап бірқатар кәсіпорын жұмысын қайта бастайды.

  • 4 Мамыр 2020
  • 28
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Хабар 24-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Олар:

– аумағы 500 шаршы метрге дейін болатын азық-түліктік емес дүкендер сағат 17:00-ге дейін (барлық түрлері);

– фотосалондар, гүл сататын дүңгіршектер; – шаштараздар (жазылу бойынша);

– медицина орталықтары (жазылу бойынша);

– стоматологиялық клиникалар (жазылу бойынша);

– жылжымайтын мүлікпен операцияларды жүзеге асыратын компаниялар, жарнама агенттіктері, адвокаттар, нотариустар;

– шағын қаржы ұйымдары, сақтандыру компаниялары, ломбардтар, айырбастау пункттері;

– ақпараттық-коммуникациялық технологиялар компаниялары. Биылғы 4 мамырдан бастап далада спортпен шұғылданып, жаттығу жасауға рұқсат етіледі.


4 мамырдан бастап Нұр-Сұлтан мен Алматыдан Қызылордаға, Петропавлға, Өскеменге және Семейге әуе қатынастарын қайта жандандыру туралы шешім қабылданды. Рейстер санитарлық талаптардың нормаларын күшейтумен, аз жолаушылармен және салонда ерекше қашықтықты сақтап отырғызу арқылы жүзеге асырылып жатыр.

4 мамырдан өңірлерде қатынайтын ұшақтардың ұшу кестесі мына жерде жарияланған.
 

Соңғы жаңалықтар