Жарияланды: 530

«Бұйырса өз жерлерімізді қайтарып аламыз»: Енді қырығыздар да қазақ жеріне көз аларта бастаған ба

«Бұйырса өз жерлерімізді қайтарып аламыз»: Енді қырығыздар да қазақ жеріне көз аларта бастаған ба

Әлеуметтік желіде Роза Патриотка есімді аккаунт иесі әлдебір картаның суретін жүктеген. Онда көрші Қырғызстанның жер аумағы және бір кездері көрші елдерге өтіп кетті деген жер бөліктері көрсетілген.

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлады.

Одан түсінгеніміздей көрші қырғыздардың қазақтардан алашағы бер екен. Атап айтқанда жерге қатысты.

Мәселен аталған картаның жоғары тұсында «18 ғасырдың аяғы мен 19 ғасырдың басында қазақтарға өтіп кетен жерлер» деп жазылып, үлкен аумақ көрсетіліпті. Шамамен Жамбыл, Алматы  облысының  жер көлемі болуы мүмкін.

Ал картаның төменгі тұсында «1927-28 жылдары Тәжікстанға 49 жылға арендаға берілген жерлер» деп жазылған жер аумағы қызыл сызықпен қоршалыпты.

Ал оң жағында «Қызыл-Суу Қырғыз автономиялық облысы 1884-1890 жылғы келісім негізінде қытайға өтіп кеткен» деп жазылған.

«Бұйырса өз жерлерімізді қайтарып аламыз», деп жазыпты Роза Патриотка. Ал бұл суретті жүздеген адам бөліскен көрінеді.

Аталған жағдай қазақстандықтардың ашу-ызасын келтірді. Көпшілік «қырғыз қазаққа ешқашан жер берген емес», «Ендігі қалғаны қырғыздар еді» «Бұл арандату, иланбаңдар»,- деген сияқты пкірлер қалдырған.

Аталған суретті Қазақ Алашұлы таратты.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін