Бұл туралы ол TikTok-тағы парақшасында айтты, — деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.
”Баян Алагөзова халыққа сауапты іс істеді деп алдында қуандық. Ақыры аяғында өзінің ішіндегі нешетүрлі азғындығын көрсетіп жатыр, КешYou тобымен. Осындай топты басқарған, осындай нәрсеге жол берген басшыларға, осындай нәрсенің бәрін ұйымдастырып, азғындықты халықтың алдына көрсетіп жатқан КешYou тобына Алланың лағынеті болсын деймін. Сендерге мәңгілік Алланың лағынеті болсын, тәубаға келгенше. Тәубаға келсеңдер әрине”, — деді әжей.
Желі оқырмандары әжеймен келіспей “Апа, сізге не керегі бар? Жастарға ұнайды”, “қарғыссыз-ақ айтуға болады”, “әркім өз орнын білсе, жастарда неңіз бар”, — деп пікір білдірді.
@kazakhstantourism1 ♬ оригинальный звук — madi