Бұл туралы сазгер Индира Елубаева Instagram-дағы парақшасында жазды, — деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.
"Менің Ақбота дос-құрбым бүгін Шымкент қалалық мәдениет басқармасының орынбасары болып тағайындалды.Құтты болсын айтып,жұмысына абырой мен береке , бірлік пен табысты еңбек тіледім. Елдің ең бірінші бетпердесі — мәдениет пен өнер. Өркендеуге нәсіп етсін Алла", — деп жазды автор.
Естеріңізге сала кетсек, кеше ғана опера әншісі Майра Мұхамедқызы Шымкент қалалық опера және балет театрының басшысы қызметіне тағайындалған болатын.