Бұрын-соңды болмаған ашаршылық қаупі төніп тұр - БҰҰ - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+9 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Бұрын-соңды болмаған ашаршылық қаупі төніп тұр - БҰҰ

Бұрын-соңды болмаған ашаршылық қаупі төніп тұр - БҰҰ

Біріккен Ұлттар Ұйымы (БҰҰ) Эфиопия аймағының тұрғындары соңғы онжылдықта бұрын-соңды болмаған аштыққа ұшырауы мүмкін екенін ескертті.

  • 11 Маусым 2021
  • 181
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап хабарлайды.

Ұйымның жаңа баяндамасында Эфиопиялық Тыграй аймағының әскери қақтығысынан зардап шеккен тұрғындарының 70 пайыздан астамы жарытып тамақ жемейді делінген.

БҰҰ-да қабылданған жіктеуге сәйкес, өңірдің 350 мың тұрғыны аштыққа жақын, бұл азық-түлік тапшылығының соңғы, бесінші кезеңі.

БҰҰ-ның хабарлауынша, соңғы онжылдықта бірде-бір елде аштық алдында тұрған адамдардың қарасы мұндай көп болмаған.


Эфиопияның солтүстігінде 5,5 миллион адам тамаққа жарымай отыр. Қақтығыстан ауыл тұрғындары қатты зардап шекті.

Соңғы жаңалықтар