Бүтін бір ықшамауданды су басты - kaz.caravan.kz
  • $ 474.47
  • 541.37
+17 °C
Алматы
2026 Жыл
3 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Бүтін бір ықшамауданды су басты

Бүтін бір ықшамауданды су басты

Қызылжар жұртын боранмен қатар, тасқын да әбігерге салып жатыр. Мұнда Есіл өзені ернеуінен асып, Заречное ықшамауданы толығымен қаладан ажырап қалды. Бұл елді-мекенге апаратын екі тас жолды да су шайып кеткен. Қазір Заречноедағы 2 мыңға жуық адамның басындағы жағдай аралдағы тұрғындардың тірлігін еске түсіреді.

  • 29 Сәуiр 2014
  • 210
Фото - Caravan.kz


Ықшамауданды орталықпен қазір жолаушыларға арналған жалғыз аспалы көпір ғана байланыстырып тұр. Көлік қатынасы мүлде жоқ. Халыққа аса қажетті азық түлік мен дәрі дәрмекті төтенше жағдай қызметінің арнайы техникасымен тасып әкелуде. Әзірге ықшамаудан шетіндегі саяжайларды ғана су басыпты. Тұрғын үйлерге қызыл су кіре қоймаған. Бірақ, мамандар оның мөлшері бүгін ертең тағы да көтеріледі деп болжап отыр. Сондықтан  Заречное жұрты түгел қауіпсіз жерге көшірілуі мүмкін.