БҰҰ : "Адамзаттың ядролық қарудан жойылуына жақын қалды" - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+22 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
БҰҰ : "Адамзаттың ядролық қарудан жойылуына жақын қалды"

БҰҰ : "Адамзаттың ядролық қарудан жойылуына жақын қалды"

БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутеррештің айтуынша әлем ядролық қарумен жойылуға жақын.

  • 26 Қыркүйек 2021
  • 30
Фото - Caravan.kz

Жер шарында мұндай қарудың шамамен 14 мың данасы сақталған. Апаттың алдын алу үшін ол бұл мәселені шешуде конструктивті шараларға көшуге шақырды, деп хабарлайды РИА Новости.

Гутерреш өзінің Twitter-дегі парақшасында:" ядролық қақтығыстарды біржола жойып, біздің әлемді ядролық қарудан құтқарып, сенім мен бейбітшіліктің жаңа дәуірін жариялайтын уақыт келді", — деп жазды.

26 қыркүйекте бүкіл әлемде ядролық қаруды толық жою үшін халықаралық күрес күні атап өтіледі. Оны 2013 жылғы 5 желтоқсанда БҰҰ Бас Ассамблеясы адамзат үшін осындай қару-жарақтың пайда болу қаупі туралы, сондай-ақ одан толықтай құтылу қажеттілігі туралы халықты ақпараттандыру және ағарту деңгейін арттыру мақсатында құрды.


Соңғы жаңалықтар