БҰҰ Бас хатшысы: Өлім жазасы терроризмге «тұсау» бола алмайды - kaz.caravan.kz
  • $ 441.58
  • 480
+17 °C
Алматы
2024 Жыл
17 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
БҰҰ Бас хатшысы: Өлім жазасы терроризмге «тұсау» бола алмайды

БҰҰ Бас хатшысы: Өлім жазасы терроризмге «тұсау» бола алмайды

БҰҰ Бас хатшысы Пан Ги Мун дүйсенбі күні терроризм әрекеттері үшін адамдарды өлім жазасына кесуге қарсы шықты. Бұл туралы ҚазАқпарат ТАСС агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

  • 11 Қазан 2016
  • 515
Фото - Caravan.kz

Бас хатшының пікірінше, терроризм үшін өлім жазасына кесу 65 мемлекетте қолданылатын шара. Жыл сайын 10 қазанда аталып өтетін Бүкіәлемдік өлім жазасына қарсылық күнінде БҰҰ Бас хатшысы өлім жазасының террористік қауіпті сейілте алмайтынын айтты.

«Біреуді ажал құштыру — қатаң, жантүршігерлік шара. Оған XXI ғасырда орын жоқ», -деді Пан Ги Мун.

Ол өзінің сөзінде, қауіпсіздік бағытындағы шаралардың барлығы сияқты терроризмге қарсы тиімді шаралар да адам құқықтары мен заң үстемдігі аясында жүзеге асырылуы тиіс.

БҰҰ Бас хатшысының пікірінше, әскери және арнайы соттарда өтетін сот үдерістері көп жағдайда террористік әрекеттер үшін айыпталған азаматты асығыс, әділетсіз жасалған қорытындылар негізінде өлім жазасына кесіп жатады. Олардың басым көпшілігі құзырлы органдардың қысым көрсетуімен болады. 

«Кейбір мемлекеттер негізгі құқықтарды заңнан тыс қалдырып, терроризммен күресте заңнамаға түсініксіз біржақты анықтамаларды енгізіп жатады»,-деген пікірімен бөліседі Пан Ги Мун. 

Ол сонымен қатар бейбіт шараларға қатысу және үкіметтің атына сын айту ешқандай да қылмыс не лаңкестік әрекет емес екендігіне назар аударды. Мұндай жағдайда өлім жазасын беру адамдарды құқықтарын көпе-көрнеу елемеу болып табылады.

«Мен өлім жазасы терроризм идеологиясының тарауына кедергі келтіре алмайды деген пікірдемін», деп қосты Бас хатшы.


Соңғы жаңалықтар