БҰҰ халықаралық қоғамдастықтан гуманитарлық қажеттіліктер мен Сириядағы дағдарысқа байланысты қосымша 4,4 млрд доллар бөлуді сұрады.
«Мен Сирия халқына үлкен жомарттықпен көрсетіліп отырған көмек үшін шексіз ризамын. Тұрақты гуманитарлық қажеттіліктер үшін қосымша қаржы сұраймын. Гуманитарлық ахуал мен босқындар төңірегіндегі жағдайға байланысты біз жаңа бюджет формуласын құрастырдық, оған шамамен 4,4 млрд доллар бөлуді өтінеміз», — деді Пан Ги Мун G20 елдерінің басшыларына арнаған үндеуінде.