БҰҰ инспекторлары Дамаск маңында химиялық шабуыл болғанын растады - kaz.caravan.kz
  • $ 469.83
  • 536.83
+29 °C
Алматы
2026 Жыл
17 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
БҰҰ инспекторлары Дамаск маңында химиялық шабуыл болғанын растады

БҰҰ инспекторлары Дамаск маңында химиялық шабуыл болғанын растады

БҰҰ инспекторлары дүйсенбі күні Сириядағы қақтығыс кезінде химиялық қару қолданылды ма деген сұраққа нүкте қойды,

  • 17 Қыркүйек 2013
  • 1500
Фото - Caravan.kz

деп хабарлады ИТАР-ТАСС.

 Қауіпсіздік Кеңесі бүкіләлемдік ұйымының жабық таныстырылымынан кейін жарияланған баяндамада 21 тамыз күні Дамаск маңындағы Гутеде улағыш заттар қолданылғаны бірауыздан бекітілді.

 Құжат 26 тамыздан бері Химиялық қаруға тыйым салу ұйымының 10 сарапшысы мен швед ғалымы Оке Сельстрем бастаған Бүкіләлемдік денсаулық сақтау ұйымы жүргізген зерттеудің қорытынды нәтижесін көрсетті.