Жарияланды: 920

БҰҰ комиссиясы биологиялық өнімдердің қауіпсіздігіне қатысты маңызды келісімді қабылдады

Азық-түлік стандарттары бойынша Халықаралық жоғары орган болып табылатын "Кодекс Алиментариус" комиссиясы биотехнологиялық әдіспен, соның ішінде генетикалық өзгертілген және сәулемен өңдеу арқылы өндірілген азық-түлік өнімдерінің сапасын бақылауға мүмкіндік беретін маңызды келісімді қабылдады,- деп хабарлайды БҰҰ-ның ресми сайты.

Бұл комиссияға дүниежүзінің 169 елі қамтылады. БҰҰ-ның азық-түлік және ауылшаруашылығы Ұйымы (ФАО) мен Дүниежүзілік Денсаулық сақтау Ұйымына (ВОЗ) көмекші орган болып табылатын бұл комиссияның отырыстары Римде өткізіледі. Комиссия бүгінге дейін азық-түлік өнімдерінің қауіпсіздігі мен сапасына қатысты 50-ге жуық жаңа стандарттар қабылдаған. Олардың кейбіреуіне жаңа тәртіптер енгізілсе, келесі бір тобы бұрынғы стандарттардың қайтадан қаралған нұсқасы болып табылады. "Бұл стандарттарды бірінші кезекте дамушы елдердегі шағын және орта кәсіпорындарға тарату дұрыс. Мұндай шара тұтынушылар мен кәсіпорындардың мүддесіне бірдей сәйкес келіп, олардың рынокқа шығу аясын кеңейтер еді",- дейді Комиссияның хатшысы Алан Ранделла. Қабылданған тәртіптерде азық-түлік өнімдерін дүкен сөрелеріне түспес бұрын бағалау және стандартқа сәйкес келмейтін өнімдерді саудадан тәркілеп алуға байланысты комиссия мүшелеріне бірдей ортақ ережелер келтірілген. Мұндай процедуралар жүгері, соя бұршағы және картоп секілді ДНК құрылымы өзгертілген өсімдіктерге, сондай-ақ, ДНК құрылымы өзгертілген микроорганизмдерді қолдану арқылы өндірілген ірімшік, йогурт және сыра секілді азық-түлік өнімдері мен сусындарға қолданылады. Сондай-ақ, келісімде өнімдерді сәулемен өңдеудің жаңа стандарттары енгізілген. Соған сәйкес қоршаған ортаға зиянды бактериялардың таралуына қарсы басқа әдістемелерді қолданудан бас тарту үшін азық-түлік өнімдерін жоғары дозалы сәулемен өңдеуге мүмкіндік берілмек.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін

Закрыть