БҰҰ Қырғызстан президентінің Дүниежүзілік әлеуметтік әділеттілік күнін белгілеу жөніндегі бастамасын қолдады - kaz.caravan.kz
  • $ 470.17
  • 547.47
+8 °C
Алматы
2026 Жыл
17 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
БҰҰ Қырғызстан президентінің Дүниежүзілік әлеуметтік әділеттілік күнін белгілеу жөніндегі бастамасын қолдады

БҰҰ Қырғызстан президентінің Дүниежүзілік әлеуметтік әділеттілік күнін белгілеу жөніндегі бастамасын қолдады

Бішкек. 27-қараша. "Қазақстан Бүгін" - Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясы Қырғызстан Республикасының президенті Құрманбек Бакиевтің Дүниежүзілік әлеуметтік әділеттілік күнін белгілеу жөніндегі бастамасын қолдады, ол 20-ақпанда атап өтілетін болады, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі Қырғызстан Республикасының Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

  • 27 Қараша 2007
  • 504
Фото - Caravan.kz

«Бұл бастама әлеуметтік теңсіздікті жоюға, әлеуметтік-экономикалық игіліктерге қол жеткізудегі теңдікті қамтамасыз етуге, демократиялық құқық пен бостандықты қамтамасыз етуге бағытталған»,- деп атап өтті бүгін баспасөз қызметіндегілер. «Бүкіл мемлекеттердің жыл сайын 20-ақпанда Дүниежүзілік әлеуметтік әділеттілік күнін тойлауы халықаралық күш-жігерді әлеуметтік теңдікке қол жеткізуге жұмылдыруға мүмкіндік береді»,- деп қосты Қырғызстан Республикасының Сыртқы істер министрлігіндегілер.

Қырғызстанның сыртқы саясат мекемесі сондай-ақ халықаралық қоғамдастыққа қолдау көрсеткені үшін алғыс білдірді.

Дүниежүзілік әлеуметтік әділеттілік күнін белгілеу туралы шешім 26-қарашада өткен Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясының 62-ші сессиясының 57-ші алқа отырысында мақұлданды.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті