БҰҰ «StarofAsia» ұйымдастырушыларына алғыс білдірді - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+22 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
БҰҰ «StarofAsia» ұйымдастырушыларына  алғыс білдірді

БҰҰ «StarofAsia» ұйымдастырушыларына алғыс білдірді

Біріккен Ұлттан Ұйымы әлеуметтік, экологиялық және экономикалық аспектілер негізінде қалаларды тұрақты дамытуға бағытталған жаһандық істерге қолдау білдірген халықаралық «Star of Asia» музыкалық байқауын ұйымдастырушыларға алғыс білдірді.

  • 5 Маусым 2018
  • 28
Фото - Caravan.kz

Әлемдік және отандық  селебритистер Фестивальдің қызыл  кілемінің үстімен қызғылт сары  білезік тағып жүретін болады, ол  қалалардың экологиясын, энергиясын және эконмоикасын жақсартуға бағытталған   «Арзан әрі таза энергия» атты №7 мақсатты паш етеді. Флешмобқа мыналар қатысады: американдық әншіAnastacia, ирандық-шведтік әнші, композитор әрі продюсер ARASH, Ресейдің «Серебро», Оңтүстік Кореяның «ASTRO» топтары, өзбек  әншісіСевара Назархан, қырғызстандық Жийдеш Идирисова, жапондық Pinochhio P ft. Hatsune Miku, әзірбайжандық  Диляра Кязимова — Азербайджан, үндістандық Isheeta Chakrvarty, отандық орындаушылар Дастан Оразбеков, Ерке Есмахан, Серік Ибрагимов,  МузART Life тобы, Нуұболат Абдуллин, «Ұлытау» ВИА, Камшат Жолдыбаева, Динара Суұтан, Бейбіт Кушкалиев,  «Кешью» тобы және Baller, Q-POP, Black Dial, Mad men, Moonlight топтары және басқалары.Флешмоб арқылы«Star of Asia» жұлдыздары энергияның  арзан  әрі тиімді  балама көздерін іздеуге және тұрақты қалаларды дамытуға  көпшіліктің  назарын аударады.

«Star of Asia» фестивалін ұйымдастырушыларға зор алғысымды білдіремін, өйткені олар осынау   ауқымды халықаралық жоба  арқылы қоғамның назарын  ғаламдық тақырыпқа аударып отыр.Бұл мақсат бір өңірге, мысалы Алматы сынды жасыл әрі үлкен қалаға ғана емес, сонымен қатар ел үшін, жалпы барша әлем үшін өте маңызды», -деп атап өтті БҰҰ-ның қоғамдық  ақпарат департаментінің өкілі, ақпараттық бюро басшысыВластимил Самек.


Фестивалді ұйымдастырушылар осы акция арқылы қоғамның назарын қала экологиясын жақсартуға аударатындықтарына  сенімді. Айта  кетерлігі, «Арзан әрі таза энергия» атты №7  және «Тұрақты қалалар мен елді мекендер» атты №11 мақсаттар оңтүстік астана әкімдігінің «Алматы 2020», бағдарламасына сай келеді.Еске салсақ, Алматы қаласының автобус парктері жаңаруда, экотакси жұмыс істеуде, жаңа экологиялық инфрақұрылым  жасалып, қала барлық жағынан жаңғыра  түсуде.

 «Қалалардың тұрақты дамуы» бағдарламасының акциясы птегом #GlobalGoals хэштегі аясында өтуде. Қозғалысқа әлемдік өнер тарландары: Дженнифер Лопес, Леонардо Ди Каприо, Шарлиз Терон, группа Coldplay, Эд Ширан, Бейонсе, Эмма Уотсон, Неймар, Прянка Чопра, группа One Direction және басқалары қолдау білдіруде.

«Star of Asia» фестивалі Алматыда «Медеу» биік мұз айдынында 16-17 маусым аралығында өтеді, әлемнің 118 еліне көрсетіледі. Толық ақпаратты www.starofasia.kz, сонымен қатар Facebook пен Instagramдағы ресми  беттерден алуға  болады.

Соңғы жаңалықтар