Жарияланды: 620

БҰҰ-ның Қауіпсіздік кеңесі ұйымға мүше барлық елдерге 2004-жылдың 31-наурызына дейін "Аль-Каида" мен "Талибанға " қарсы санкция енгізуді міндеттеді

БҰҰ-ның Қауіпсіздік кеңесі арнайы резолюция шығарып, ұйымға мүше барлық елдерге 2004-жылдың 31-наурызына дейін "Аль-Каида" мен "Талибанға " қарсы санкция енгізуді міндеттеді,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

БҰҰ-ның Қауіпсіздік кеңесі өз резолюциясында "Аль-Каида" ұйымы мен "Талибан" қозғалысының мүшелеріне қатысты, Осама бен Ладенге қатысты шараларды күшейтуді тапсырған. БҰҰ-на мүше барша мемлекеттерге аталмыш адамдар, топтар, кәсіпорындар мен ұйымдарға қатысы бар қаржы, қаржылық активтер мен экономикалық ресурстардың айналымын тез арада тоқтатуды тағы бір талап еткен. Сондай-ақ, аталмыш ұйымдарға қатысы бар адамдарды өз аумағына енгізудің немесе өз аумағы арқылы транзитті өткізудің алдын алу, аталмыш адамдарға өз аумағынан немесе өз адамдары арқылы қару-жарақ немесе қару-жарақпен байланысты материалдық құралдарды сату немесе жалғастыруға, тікелей немесе жанама сатуға жол бермеу жөнінде бұйрық берілген. БҰҰ-ның Қауіпсіздік кеңесі барлық мемлекеттерді ""Аль-Каида" ұйымы мен "Талибан" қозғалысының мүшелеріне қатысты, Осама бен Ладенге қатысты ақша ағынына тосқауыл қоюға бағытталған батыл қадамдар жасауға" шақырған. Сонымен бірге Қауіпсіздік кеңесінің мүшелері лаңкестерге қарсы санкция қолданғаны туралы есеп бермеген мемлекеттерге бұл шара 2004-жылдың 31-наурызына дейін жүзеге асырылуы тиіс екенін ескертеді. Осы мерзімге дейін есеп-баяндамасын дайындамаған барша мемлекеттер, БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің шешімімен, "мерзімді кешеуілдетуге не себеп болғаны туралы жазбаша түрде" түсініктеме беруі тиіс. "Аль-Каида" ұйымы мен "Талибан" қозғалысына қарсы санкция БҰҰ-ның шешімімен 2001-жылы енгізілген. Алайда, дүниежүзінің 100 -ге жуық мемлекеті күні бүгінге дейін оны қолданбай отыр.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін