Франс-Пресстің хабарлауынша, барлық Германия бойынша, 2 500 мыңдай адам «Бұзақылар Салафиттерге қарсы!» деген ұран астында топтасқан. Ал DPA агенттігінің хабарлауынша, футбол фанаттары «шетелдіктер шығыңдар!» деп ұрандап, жағдайды тіпті, ушықтырған. Олар полицияға тас атып, бөтелке лақтырған. Шерушілерді тарату үшін полиция көзден жас ағызатын қаруды қолданған, деп жазады ақпарат көзі.
«Ислам мемлекеті» содырларының Ирак пен Сириядағы қақтығыстарына байланысты қазан айының басында Германияда радикалды күрдтер Гамбург және басқа да қалаларда көшеде төбелес шығарған болатын.