Бюджеттің шығыс бөлігінде көрсетілген жалпы қаржыдан әлеуметтік қамтамасыздыққа арналатын шығындардың көлемі жыл өткен сайын кеми түсуде - мәжілістің қаржы және бюджет жөніндегі комитеті - kaz.caravan.kz
  • $ 450.79
  • 482.21
+22 °C
Алматы
2024 Жыл
17 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Бюджеттің шығыс бөлігінде көрсетілген жалпы қаржыдан әлеуметтік қамтамасыздыққа арналатын шығындардың  көлемі жыл өткен  сайын кеми түсуде - мәжілістің қаржы және бюджет жөніндегі комитеті

Бюджеттің шығыс бөлігінде көрсетілген жалпы қаржыдан әлеуметтік қамтамасыздыққа арналатын шығындардың көлемі жыл өткен сайын кеми түсуде - мәжілістің қаржы және бюджет жөніндегі комитеті

Бекітілген бюджеттерден әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт, денсаулық сақтау және білім беру саласына жұмсалатын шығындар мөлшері арта түскеніне қарамастан жалпы шығындар көлеміндегі бұл мақсаттарға жұмсалатын қаржының үлес салмағы жыл өткен сайын кеми түсуде. "2004-жылғы республикалық бюджет туралы" заң жобасына қатысты қорытынды дайындаған мәжілістің қаржы және бюджет жөніндегі комитетінің депутаттары осындай тұжырымға келді.

  • 5 Қараша 2003
  • 500
Фото - Caravan.kz

Палатаның баспасөз қызметінен таратылған қорытындыға сәйкес, 2002-жылғы бюджетте аталмыш баптар бойынша шығындардың жалпы үлес салмағы 36,1 процентті, 2003-жылы 35 процентті, ал 2004-жылғы бюджет жобасында бұл үлес 33,9 процентті құрайды.

Комитеттің пікірінше, дәл осындай себеппен депутаттар ұсынысының басым бөлігі аталмыш бағыттардағы шығындар көлемін ұлғайтуды көздейді. Аталмыш заң жобасы бойынша салыстырмалы кестеге 37 млрд. теңгеден астам қаржыға қатысты 180 ұсыныс пен ескертулер қамтылған.
Қорытындыда атап көрсетілгеніндей, тұтастай алғанда 2004-жылға арналған республикалық бюджет жобасы «ойдағыдай жасалған». «Әлеуметтік инфрақұрылым мен агроөнеркәсіптік кешенді дамытуға ауқымды қаржы қарастырылған. Әлеуметтік сала, білім беру және денсаулық сақтау игілігіне арналған қаржы көлемі де әжептәуір артты»,- делінген құжатта.
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, 2004-жылғы республикалық бюджеттің түсімі 862,2 млрд. теңгені, бюджет шығыны 954,8 млрд. теңгені, республикалық бюджеттің дефициті 92,7 млрд. теңгені , немесе Ішкі Жалпы Өнімнің 1,9 процентін құрайды деп жоспарланған.
Бүгін, 5-қарашада өткен мәжілістің жалпы отырысында халық қалаулылары «2004-жылғы республикалық бюджет туралы» заң жобасын талқылауға кіріседі. Заңға сәйкес, 2004-жылғы республикалық бюджет туралы заң жобасына қатысты шешім парламент палаталарының бірлескен отырысында қабылданады.

Соңғы жаңалықтар