Б.Жұмағұловтың орынбасары қаржысын жеп қойған мектептердің құрылысы сол күйі тоқтап тұр - kaz.caravan.kz
  • $ 469.83
  • 536.83
+40 °C
Алматы
2026 Жыл
18 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Б.Жұмағұловтың орынбасары қаржысын жеп қойған мектептердің құрылысы сол күйі тоқтап тұр

Б.Жұмағұловтың орынбасары қаржысын жеп қойған мектептердің құрылысы сол күйі тоқтап тұр

Білім министрі ауысқанымен, бұрынғы басшылық жіберген олқылықтарды түзеуге біраз уақыт кететін сияқты. Мәселен, Шығыс Қазақстан мен Павлодар облыстарындағы мектептердің құрылысы әлі тоқтап тұр. Осы оқу орталықтарын салуға бөлінген ақшаны қалтасына басқан Білім министрінің орынбасары Саят Шаяхметов қазір үй қамағында. Ал бас мұғалім тағында үш жыл отырған Бақытжан Жұмағұловтың бұған қатысы бар ма, жоқ па, әзірге белгісіз.

  • 7 Қыркүйек 2013
  • 564
Фото - Caravan.kz

Еліміздегі өндірілетін элекр қуатының жартысын шығаратын Екібастұз қаласы үшін отын-энергетика саласының мамандары ауадай қажет. Бұны ескерген Білім министрлігі 2009 жылы 700 орындық оқу орталығын салуға тапсырыс береді. Содан бері аттай 4 жыл өтті. Саз-балшықта салынған нысанның іші-сырты әрленгенімен, құрылыс кезінде күрделі ақауларға жол берілген.

Айгүл Марданова, Екібастұз қаласы әкімінің әлеуметтік мәселелері бойынша орынбасары:

Өкінішке орай, қазір құрылыс жұмыстары тоқтап тұр. Себебі нысанның дренаждық жүйесі ескерілмеген, іргетасы да дұрыс бекітілмеген, салдарынан кейбір ғимараттардың қабырғалары қисайып қалды.

Межелі уақыттан асып, құрылысы тоқтап тұрған тағы бір нысан Өскеменде. Былтыр шәкірт қабылдауы тиіс 700 орындық мамандандырылған мектеп-лицей биыл да ашылмады. Сөйтсе, машина жасау саласына қажетті инженерлерді даярлайтын білім ошағын тұрғызып жатқан мердігер мен вице-министр Саят Шаяхметов ауыз жаласып, 1 жарым млрд теңге бюджет ақшасын қымқырған.


Мұрат Жұманбай, ҚР Қаржы полициясының ресми өкілі:

— Пак пен Киреев бүгінгі күні қамауда, ал Шаяхметов үй қамауында. Қылмыстық іс бойынша бірнеше сараптама жүргізілуде, бүгінгі күні фонографиялық және бухгалтерлік сараптама жүргізлуде.

Бір қызығы, Өскемендегі мектеп-лицей құрылысына жауапты «ЗАК сервис» мердігердің Алматыдағы мекен-жайы бойынша, 7 жылдан бері балабақша жұмыс істеп келеді. Бейресми мәліметке жүгінсек, осы құрылыс компанияның артында Жұмағұловтың ұлы Руслан тұрыпты-мыс. Бұның аны-қанығын енді құзырлы органдар тексеріп жатар.

Сақалды құрылысқа айналған қос қаладағы білім нысандары тапсырысқа қашан берілетіні беймәлім. Өскеменде де, Екібастұзда да білім ошақтарын тұрғызуда өрескел қателіктер жіберілген. Салдарынан ғимараттардың қабырғасы қақырап, төбесі опырылды. Енді қайта жобалау мен құрылысқа тағы қосымша қаражат керек.