БЖЗҚ әлеуметтік желілердегі алаяқтық әрекеттер туралы ескертеді - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
БЖЗҚ әлеуметтік желілердегі алаяқтық әрекеттер туралы ескертеді

БЖЗҚ әлеуметтік желілердегі алаяқтық әрекеттер туралы ескертеді

«БЖЗҚ» АҚ-ның баспасөз қызметі қор атынан әлеуметтік желілердегі алаяқтық әрекеттер жасалып жатқандығы туралы тұрғындарға ескертті.

  • 20 Шiлде 2016
  • 401
Фото - Caravan.kz

«Соңғы кездері әлеуметтік желілерде Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының атынан жалған қоғамдастықтар арқылы деректерді заңсыз жинау мен алаяқтық жағдайлар жиілеп кетті. Деректер қорындағы өзгерістер немесе кеңсенің басқа жерге көшуі сияқты түрлі себептерді айтып, қаскүнемдер дербес деректерді беруді сұрайды және жауап бермесеңіз, жеке зейнетақы шотыңыз жабылады деп қорқытады.

Осыған орай, Сіздерден қандай жағдай болмасын өз жеке деректеріңізді хабарламауды сұраймыз және Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 21 мамырдағы № 94-V «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» заңына сәйкес БЖЗҚ-ның дербес деректерді жинауды және өңдеуді субъектінің келісімімен жүзеге асыратынын ескертеміз», делінген хабарламада.

БЖЗҚ азаматтардың дербес деректерін жинайтын сұраныстар жасамайтындығы және салымшыларға (алушыларға) әлеуметтік желілерде жеке хабарламалар жіберу арқылы өтініш білдірмейтіндігі, бұған сұранысты өңдеу үшін БЖЗҚ деректер базасына кіру қажеттілігінің жоқтығын нақтылай кеткен. Осыған қарамастан, салымшы жеке деректерін көрсетпеуге және қордың қызмет көрсету орталығына өзі баруға толықтай құқылы.

Қордың ресми парақшалары тек ақпарат таратады, сондай-ақ салымшыларға (алушыларға) үндеу жасаудың қосымша арнасы ретінде қызмет етеді.


Әлеуметтік желілердегі БЖЗҚ ресми парақшаларына сілтеме қордың www.enpf.kz веб-сайтында орналасқан.

Егер әлеуметтік желілер арқылы БЖЗҚ атынан жеке деректер сұралған жағдайда, байланыс орталығының 8 (727) 356-10-60, 8 (727) 312-15-68 телефондары арқылы қор қызметкерлеріне, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында тегін қалааралық 1418 нөміріне хабарласу ұсынылған. 

Соңғы жаңалықтар