БЖЗҚ шілдеден бастап салымшыларға зейнетақы ақшалары туралы ақпарат бере бастамақ - kaz.caravan.kz
  • $ 472.03
  • 540.29
+17 °C
Алматы
2026 Жыл
3 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
БЖЗҚ шілдеден бастап салымшыларға зейнетақы ақшалары туралы ақпарат бере бастамақ

БЖЗҚ шілдеден бастап салымшыларға зейнетақы ақшалары туралы ақпарат бере бастамақ

БЖЗҚ 2014 жылдың шілдесінен бастап салымшыларға зейнетақы ақшалары туралы ақпарат бере бастамақ, деп хабарлады Қазақстан Ұлтық банкі басшысы Қайрат Келімбетов.

  • 22 Сәуiр 2014
  • 949
Фото - Caravan.kz

"Сақтау және тиімділік мәселелері шешілді. Әрине, жаңа ұйым іске кіріскенде, белгілі бір дәрежеде өтпелі процесс болады, тек соңғы алты ай бойы ғана олар жекеменшік қорлардан ақша аударумен айналысты", деді К.Келімбетов сейсенбіде Астанада мәжілістің "Нұр Отан"партиясы фракциясының кеңейтілген жиналысы барысында.

"Сәуір айынан бастап, яғни бізге бүкіл активтер мен міндеттемелер өткен соң біз бұл жұмысты мойнымызға аламыз. 1-шілдеден бастап БЖЗҚ бүкіл салымшыларына 2013-2014 жылдар бойынша ақпарат береді", деді ол.

Оның айтуынша, қазірдің өзінде арнайы call-орталықтар жүйесі іске қосылған, адамдар сонда телефон соғып, өз ойларын білдіре алады.


Алдында хабарланғандай, наурыз айының соңында салымшылардың бүкіл дербес есеп -шоттарын БЖЗҚ өткізу шаруасы аяқталған болатын.

БЖЗҚ Қазақстанда жұмысын 2013 жылдың 22-тамызынан бастады.