C.Асфендияров атындағы медицина университетінің ректоры істі болды - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+7 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
C.Асфендияров атындағы медицина университетінің ректоры істі болды

C.Асфендияров атындағы медицина университетінің ректоры істі болды

C.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медициналық университетінің ректоры Айқан Ақанов істі болды. Оған мемлекет қаржысын қымқырды деген айып тағылды. 

  • 25 Қараша 2015
  • 883
Фото - Caravan.kz


Іс материалдарына сәйкес, 2012 жылдың тамызында ҚазҰМУ мен «Фламинго-9» ЖШС арасында жатақхана құрылысы туралы келісімге қол қойылған. 512 орынға арналған жаңа нысан Құрманғазы көшесінің бойында салынуы тиіс болатын. 
Құрылыс кезінде ЖШС үш лифт пен технологиялық құралды тапсырмай тұрып, ғимаратты қабылдау актісін өткізген. Онда 48 997 054 теңге шығын кеткені жазылған. Экс-ректор аталған құжатқа қол қойған. Осылайша, бұл сома ЖШС-ның шотына негізсіз аударылады. 
Кейін белгілі болғандай, ақша өз мақсатында жұмсалмай, банктегі несиені жабуға, ЖШС жұмысшыларына жалақы ретінде бөлініп берілген. 2013 жылдың жобалық-сметалық құжаттамасының өзгеруіне байланысты жатақхана құрылысы тоқтатылады. 
Сот барысында Айқан Ақанов өзінің қызметтік өкілеттігін асыра пайдаланғанын мойындағанымен, ақша ұрлау айыбымен келіспей қойды. 
Сот процесіне қатысқан университет өкілдері Ақановқа ешқандай кінә артпайтындықтарын айтып, оны бас бостандығынан айырмауды өтінді. 
Судья Ақановты ҚР ҚК 307-бабының 2-бөлімімен айыпты деп тауып, 2000 АЕК (3 964 000 теңге) көлемінде айыппұл салды.  Сондай-ақ Айқан Ақанов 7 жыл бойы мемлекеттік қызмет атқару құқығынан айрылды.

Соңғы жаңалықтар