Өйткені соңғы сараптамалар әлі нақтылануда. Оның үстіне жүргізілген жүздеген сараптама қортындысы мен қара жәшікке жазылған мәліметтер ағылшын тіліне аударылып жатыр екен. Ол аударылып біткен соң Америка мен Канададағы комиссия құрамына кірген мамандарға жіберілмекші. Ал, ол тағы екі айға созылуы мүмкін. Сондықтан ресми ақпарат қазан айының соңына қарай жарияланады депті Инвестиция және даму вице-министрі Жеңіс Қасымбек Тенгриньюс интернет-порталына берген сұхбатында. Былтыр қаңтарда Көкшетаудан шыққан «Challenger-200» ұшағы Алматы маңында апатқа ұшыраған еді. Лайнерде болған бес экипаж мүшесі мен 16 жолаушы түгел қаза тапты.