“Челсидің” бас бапкері қызметінен қуылды - kaz.caravan.kz
  • $ 486.65
  • 524.46
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Қазан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
“Челсидің” бас бапкері қызметінен қуылды

“Челсидің” бас бапкері қызметінен қуылды

Футболдан чемпиондар лигасының топтық кезеңінде Туринде “Челсиді” қабылдаған жергілікті “Ювентус” ірі есеппен жеңіске жетті. Бұл матчтың қос команда үшін де маңызы зор болған.

  • 22 Қараша 2012
  • 344
Фото - Caravan.kz

Алғашқы минуттан қонақтарды қыспаққа алған италиялықтар кездесудің 38-ші минутында есеп ашты. Гол авторы Фабио Квальярелла. Үзілістен кейін шабуылдарын үдете түскен “Ювентус” лондондықтарды тағы бір мәрте сан соқтырды. Асамоадан пас алған Артуро Видаль есепті 2:0-ге жеткізді. Қалған уақытта есеп айырмасын қысқаруға тырысқан “Челси” футболшылары қорғаныста өрескел қателік жіберді. Жасыл алаңға екінші таймда шыққан Себастьян Джовинко қорытынды есепті орнатты. 3:0 есебімен жеңілген “Челсидің” келесі кезеңге шығуы екіталай. Тіпті бұл сәтсіздіктен кейін клуб басшылығы бас бапкер Роберо Ди Маттео қызметінен қуылды. Жаңа қызметке жақын аралықта Рафаэль Бенитес тағайындалуы мүмкін. Ал топтық кезеңнің соңғы туры 5-ші желтоқсанда ойналмақ.          

Футболдан Аргентинаның жоғары лигасында 16-турдың  ойындары өтті. Соның бірінде  Кордовада жергілікті «Бельграноны» ұтқан  «Ланус» турнир кестесінде бірінші орынға көтерілді.

Кездесудің бірінші минуты аяқталмай жатып нәтижелі соққымен көзге түскен Гвидо  Писсаро, биылғы чемпионаттағы жылдам голдың авторы атанды. Ә дегеннен гол жіберіп алған алаң иелері,  таразы басын теңестіру үшін  неше амалға бармасын олардың  әрекетінен түк шықпады.   Керісінше  кездесудің соңғы минуттарында  қарсы шабуыл ұйымдастырған қонақтар тағы бір гол соғып кетті.  Бұл жолы сол қанаттан алға ұмтылған бойы алдынан шыққан  бірнеше қорғаушыны алдап өткен   Диего Гонсалес  мергендік  танытты. «Ланустың» үзеңгі қағысып келе жатқан  көршілері   «Велес» пен «Ньюэлл Олд Бойз» осы турда ұпай жоғалтуға мәжбүр болды. 


Әне-міне дегенше  қысқы спорт түрелерін қызықтайтын мезгіл де келіп жетті. Биылғы биатлон додасы шаңғы спортының Меккесіне айналған  Швеция курорттары Идре мен Эстерсундте басталады. 

24-қараша күні  Идреде шымылдығы түрілетін  Еуропа кубогы үшін жарыстың бірінші кезеңінде Қазақстан құрамасы сапында бес спортшы   өнер көрсететіні белгілі болды. Қазақстан құрамасының бас жаттықтырушысы Андрей Головко алғашқы 10 шақырымдық спринттік бәсекеге Александр Червяков, Александр Трифонов және Антон Пантовты қосқанды жөн көріпті. Ал әйелдер арасындағы спринттік жарыста  Дарья Усанова мен Галина Вишневская бақ сынайды.  Келесі күні әйгілі Эстерсундте Әлем кубогы жолындағы жарыстың бірінші кезеңі жалауын көтереді. Мұндағы жарыс бағдарламасын аралас эстафетадан басталмақ.